1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн роялтиге осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Алайда мұндай роялтиге, сондай-ақ олар пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ роялти алушы оның нақты иесi болып табылса, онда осылай алынатын салық роялтидiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспауға тиiс.
3. «Роялти» терминi осы бапта пайдаланылған кезде әдебиет, өнер және ғылыми жұмыс шығармаларына, соның iшiнде кинематографиялық фильмдерге және радио немесе теледидарға арналған фильмдерге немесе таспаларға, спутниктiк, кабельдiк, оптикалық-талшықтық немесе осыларға ұқсас технологиялар арқылы бұқаралық жарияланымға, кез келген патентке, сауда маркасына, дизайнға немесе моделге, жоспарға, құпия формулаға немесе процеске, немесе өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми жабдықтарды пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергенi үшiн немесе кез келген өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми жабдықтарды пайдаланғаны үшiн немесе өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми тәжiрибеге қатысты ақпаратқа кез келген авторлық құқықты пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергенi үшiн сыйақы ретiнде алынатын төлемдердiң, заттай төлемдердi қоса, кез келген түрiн бiлдiредi.
4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын роялтидiң нақты иесi роялти пайда болған екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысса немесе осы екiншi Мемлекетте орналасқан тұрақты базадан онда тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және роялти өздерiне қатысты төленетiн құқық немесе мүлiк шын мәнiнде осындай мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7-баптың (Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда) немесе 14-баптың (Тәуелсiз жеке қызметтер) ережелерi қолданылады.
5. Егер төлеушi Мемлекеттiң өзi, оның әкiмшілiк бөлiмшесi, жергiлiктi өкiмет органы немесе осы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, роялти осы Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп есептеледi. Алайда, егер роялти төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi ме, жоқ па - бұған қарамастан Уағдаласушы Мемлекетте роялти төлеу мiндеттемесiнiң пайда болуына қатысты тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса және осындай роялти осы тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, онда мұндай роялти тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп есептеледi.
6. Егер роялти төлеушi мен оның нақты иесi арасында немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа бiр тұлғаның арасында ерекше қатынастар болуы себептi төленетiн роялтидiң сомасы осындай қатынастар болмай тұрғанда роялти төлеушi мен оның нақты иесi арасында келісіле алатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелерi тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Бұл жағдайда төлемнің басы артық бөлiгiне осы Конвенцияның басқа ережелерiн мән бере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуға тиiс.
7. Егер өзiне қатысты роялти төленетiн құқықты жасауға немесе беруге байланысы бар кез келген тұлғаның негiзгi мақсаты немесе негiзгi мақсаттарының бiрi осындай құқықтарды жасау немесе беру арқылы осы баптан пайда табу болса, бұл баптың ережелерi қолданылмайды.
1. Уағдаласушы Мемлекетте туындайтын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн делдалдық жарналарға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Алайда, осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес, олар туындайтын Уағдаласушы Мемлекетте де делдалдық жарналарға салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер алушы делдалдық жарналардың iс жүзiндегi иесi болса, мұндай жолмен алынатын салық делдалдық жарналардың жалпы сомасының 10 процентiнен аспауға тиiс.
3. «Делдалдық жарналар» терминi, осы бапта қолданылуында, делдалдық жағдайда жұмыс iстейтiн брокерге, немесе делдалдық жағдайда жұмыс iстейтiн агентке, немесе брокерге теңестiрiлген кез келген өзге тұлғаға осы Уағдаласушы Мемлекетте бұндай төлемдер пайда болатын Уағдаласушы Мемлекеттiң салық заңдарына сәйкес төленетiн төлемдердi бiлдiредi.
4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын делдалдық жарналардың iс жүзiндегi иесi онда орналасқан тұрақты мекемесi арқылы делдалдық жарналар пайда болған екiншi Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырып келсе, немесе осы екiншi Мемлекетте орналасқан тұрақты базасынан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және делдалдық жарналар төленетiн әрекет шын мәнiнде осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылады. Бұл ретте жағдайларға байланысты 7-баптың (Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда) және 15-баптың (Тәуелсiз жеке қызметтер) ережелерi қолданылады.
5. Егер төлеушi Мемлекеттiң өзi, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмшесi, жергiлiктi өкiмет органы немесе осы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, делдалдық жарна осы Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп есептеледi. Алайда, делдалдық жарнаны төлеушi тұлға, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болғанына немесе болмағанына, Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы бар екендiгiне, осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға байланысты болғанына, оның iс-әрекетiне делдалдық жарналарды төлеу мiндеттемесi белгiленгенiне және мұндай делдалдық жарналар тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте пайда болған деп есептелуiне қарамастан, мұндай делдалдық жарналар Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп есептеледi.
6. Егер төлеушi мен делдалдық жарналардың iс жүзiндегi иесi арасындағы, немесе олардың екеуi мен әлдеқандай басқа тұлға арасындағы ерекше қатынастардың салдарынан орындалған жұмыс үшiн төленген делдалдық жарнаның сомасы, мұндай қатынастар болмаған кездегi төлеушi мен делдалдық жарналардың iс жүзiндегi иесi арасындағы келісілген сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелерi соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнiң артық бөлiгi әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттің заңдарына сәйкес, осы Конвенцияның басқа да ережелерiн ескере отырып, салық салуға жатқызылады.
14-бап
Мүлiк құнының өсiмiнен алынатын табыстар
1. Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң 6-бапта (Жылжымайтын мүлiктен алынатын табыс) айтылған және басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктi шеттетуден алатын табыстарына, немесе әрiптестiктегi үйлестерге, немесе активтерi толығымен немесе көп бөлiгiнде осындай мүлiктен тұратын компания акцияларына, немесе активтерi толығымен немесе көп бөлiгiнде екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен тұратын трасталарға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте иеленiп отырған тұрақты мемлекеттік кәсiпкерлiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлiктi шеттетуден немесе тәуелсiз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшiн екiншi Уағдаласушы Мемлекетте Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне тиесiлi тұрақты базаға қатысты жылжымалы мүлiктен алынған табыстарға, соның iшiнде осындай тұрақты мекеменi (жеке немесе бүкiл кәсiпорынмен қоса) немесе осындай тұрақты базаны шеттетуден алынған табыстарға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
3. Халықаралық тасымалдарда пайдаланылатын теңiз, әуе кемелерiн және темір жол көлiгiн шеттеуден және осындай теңiз, әуе кемелерi немесе темір жол көлiгiн пайдалануға байланысты жылжымалы мүлiктi шеттетуден алған табыстарға мекеменi тиiмдi басқарудың орны орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте салық салынады.
4. 1, 2 және 3-тармақтарда көрсетiлгеннен басқа кез келген мүлiктi шеттетуден алынған табыстарға мүлiктi шеттетушi тұлға резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
15-бап
Тәуелсiз жеке қызметтер
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi кәсiби немесе тәуелсiз сипаттағы басқа да ұқсас қызметтер көрсетуден алған табысқа, егер осындай қызметтер екiншi Уағдаласушы Мемлекетте көрсетiлмейтiн немесе көрсетiлмеген болса; және
а) табыс жеке тұлға екiншi Уағдаласушы Мемлекетте жүйелi түрде ие болып отырған немесе ие болған тұрақты базаға қатысты алынған болса; немесе
b) осындай жеке тұлға осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте кез келген 12 айлық кезеңнiң тиiстi күнтiзбелiк жылда басталатын немесе аяқталатын жалпы алғанда 183 күнiнен асып түсетiн кезең немесе кезеңдер бойы осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте болып жүрсе немесе жүрген болса, тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
а) немесе b) тармақшаларында айтылған қызметтерге байланысты табыс 7-баптың (Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда) принциптерi сияқты, тура пайдалардың сомасын анықтаудың және кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайдаларды тұрақты мекеменiң немесе тұрақты базаның пайдасына жатқызудың принциптерiне сәйкес, осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. «Кәсiби қызметтер» терминi, атап айтқанда, мәдениет пен өнер қызметкерлерiнiң тәуелсiз ғылыми, әдеби, артистiк, білім беру немесе оқытушылық қызметтерiн, сондай-ақ дәрiгерлердiң, заңгерлердiң, инженерлердiң, сәулетшiлердiң, тiс дәрiгерлерiнiң және бухгалтерлердiң тәуелсiз қызметiн қамтиды.
1. 17-баптың (Директорлардың сыйақылары), 19-баптың (Зейнетақылар), 20-баптың (Мемлекеттік қызмет) ережелерiн ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi жалданып iстеген жұмысына байланысты алған ырыздықақыға және басқа да осындай сыйақыларға, егер тек жалданып жұмыс iстеу екiншi Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырылмаса, осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер жалданып iстейтiн жұмыс осылайша жүзеге асырылса, онда осыған байланысты алынған сыйақыға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. 1-тармақтың ережелерiне қарамастан, егер:
а) алушы тиiстi күнтiзбелiк жылда басталатын және аяқталатын кез келген дәйектi 12 айлық кезеңнің iшiнде жалпы алғанда 183 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер бойы екiншi Мемлекетте болса; және
b) сыйақыны екiншi Мемлекеттiң резидентi болып табылмайтын жалдаушы төлесе немесе жалдаушының атынан төленсе; және
с) сыйақыны жалдаушының екiншi Мемлекеттегi тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы төлемесе, Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi екiншi Уағдаласушы Мемлекетте жалданып iстеген жұмысына байланысты алатын сыйақыға тек бiрiншi аталған Мемлекетте салық салынады.
3. Осы баптың бұның алдындағы ережелерiне қарамастан, халықаралық тасымалдарда пайдаланылатын теңiз, әуе кемелерiнiң бортында немесе темір жол көлiгiнде орындалатын, жалдама жұмыстарға қатысты алынған сыйақыларға кәсiпорынды тиiмдi басқару орны орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
17-бап
Директорлардың сыйақылары
Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi директорлар кеңесiнiң мүшесi немесе екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның соған ұқсас органының мүшесi ретiнде алған директорлардың сыйақыларына және басқа да осындай төлемдерге осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
18-бап
Өнер қызметкерлерi мен спортшылар
1. 15-баптың (Тәуелсiз жеке қызметтер) және 16-баптың (Тәуелдi жеке қызметтер) ережелерiне қарамастан Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi театр, кино, радио немесе теледидар артисi немесе сазгер секiлдi өнер қызметкерi ретiнде немесе спортшы ретiнде екiншi Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын өзiнің жеке қызметiнен алған табысына осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Егер өнер қызметкерлерiнiң немесе спортшының өзiнiң осы сипатта жүзеге асырған жеке қызметiнен алынатын табысы өнер қызметкерлерiнiң немесе спортшының өзiне емес, басқа тұлғаға есептелсе, онда бұл табысқа, 7-баптың (Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда), 15-баптың (Тәуелсiз жеке қызметтер) және 16-баптың (Тәуелдi жеке қызметтер) ережелерiне қарамастан, өнер қызметкерлерiнiң немесе спортшының қызметi жүзеге асырылатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
3. 1 және 2-тармақтардың ережелерiне қарамастан, 1-тармақта айтылған, мәдени немесе спорт алмасулары шеңберiндегi екi Уағдаласушы Мемлекеттiң Үкiметтерiмен келісілген және пайда алу мақсатында жүзеге асырылмаған табыс осындай әрекет жүзеге асырылған Уағдаласушы Мемлекетте салық салудан босатылады.
19-бап
Зейнетақылар мен басқа да төлемдер
1. 20-баптың (Мемлекеттік қызмет) 2-тармағының ережелерiн есепке ала отырып, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне бұрынғы жұмысына қатысты төленетiн зейнетақыларға және басқа да осындай сыйақыларға және осы резидентке төленетiн кез келген аннуитетке тек осы Мемлекетте салық салынады.
2. «Аннуитет» терминi балама және толық сыйақының орнына ақшалай немесе ақша құнымен төлем жасау мiндеттемесi болғанда бүкiл өмiр бойы немесе белгiлi бiр не белгіленетiн уақыт кезеңiнде жеке тұлғаға белгiленген уақытта жүйелi түрде төленiп тұратын белгiленген соманы бiлдiредi.
1. а) Жеке тұлғаға Уағдаласушы Мемлекет немесе оның бөлiмшесi немесе жергiлiктi өкiмет органдары осы Мемлекетке немесе оның бөлiмшесiне болмаса жергiлiктi өкiмет органына көрсетiлетiн қызметiне қатысты төлейтiн зейнетақыдан басқа сыйақыға тек осы Мемлекетте салық салынады;
b) Алайда, егер қызмет осы Мемлекетте жүзеге асырылса және осы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын жеке тұлға:
(i) осы Мемлекеттiң азаматы болып табылса, немесе
(ii) қызметтi жүзеге асыру мақсаты үшiн ғана осы Мемлекеттiң резидентi болмаса, осындай сыйақыға тек екiншi Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
2. а) Уағдаласушы Мемлекет немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмшесi немесе жергiлiктi өкiмет органы немесе олар құрған қорлардан жеке тұлғаға осы Мемлекет немесе оның бөлiмшесi, немесе өкiмет органы үшiн жүзеге асырған қызметiне төленетiн кез келген зейнетақыға тек осы Мемлекетте салық салынады.
b) Алайда, егер жеке тұлға осы Мемлекеттiң резидентi және азаматы болып табылса ғана, мұндай зейнетақыға тек екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынады.
3. 16-баптың (Тәуелдi жеке қызметтер), 17-баптың (Директорлардың сыйақылары) және 19-баптың (Зейнетақылар және басқа төлемдер) ережелерi Уағдаласушы Мемлекеттiң немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмшесiнiң немесе жергiлiктi органның кәсiпкерлiк iс-әрекеттi орындауына байланысты жүзеге асырылатын қызметке қатысты сыйақылар мен зейнетақыларға қолданылады.
21-бап
Студенттер және тағылымгерлер
1. Екінші Уағдаласушы Мемлекетте техникалық, кәсіби немесе кәсіпкерлік даярлықтан өтіп жүрген студент немесе тағылымгер ретінде екінші Уағдаласушы Мемлекетте уақытша жүрген Уағдаласушы Мемлекеттің резидентінің оның мекендеп тұруы, білім алуы немесе тағылымнан өтуі үшін шетелден алған төлемдеріне қатысты, сондай-ақ оқып жүрген кезеңіндегі шәкіртақыға қатысты 7 жыл бойы салық салынбайды.
2. Егер сыйақы Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын студентке немесе тәлімгерге екінші Мемлекетте көрсеткен қызметі үшін төленсе, мұндай қызмет оның білім алуына, мекендеп тұруына немесе тәлімдемеден өтуіне байланысты болса, осы басқа Мемлекетте 3 жыл бойы салық салынбайды.
22-бап
Профессорлар мен зерттеушiлер
1. Уағдаласушы Мемлекетке өзi барардың нақ алдында екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын немесе болған және бiрiншi аталған Уағдаласушы Мемлекетте негiзiнен университетте, колледжде, мектепте немесе бiрiншi аталған Уағдаласушы Мемлекеттің үкіметі ресми түрде таныған оқу орнында дәрiс беру мақсатымен жүрген жеке тұлға бiрiншi аталған Уағдаласушы Мемлекетте өзi алғаш рет келген күннен бастап екi жылдан аспайтын уақыт iшiнде осындай оқыту, дәрiс беру үшiн төленетiн сыйақыларға қатысты бiрiншi аталған Уағдаласушы Мемлекетте салық салудан босатылады.
2. Егер зерттеулер мемлекеттiң мүддесi үшiн емес, негiзiнен, нақты тұлғаның немесе тұлғалардың жеке пайдасы үшiн жүргiзiлсе, осы Баптың 1-тармағының ережелерi қолданылмайды.
Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң екiншi Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және осы Конвенцияның бұдан бұрынғы баптарында қарастырылмаған табыс түрлерiне осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
1. Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң меншiгi болып табылатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан, 6-бапта (Жылжымайтын мүлiктен алынатын табыс) аталған жылжымайтын мүлiк ретiнде ұсынылған капиталға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекенiн кәсiпкерлiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлiк немесе тәуелсiз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшiн екiншi Уағдаласушы Мемлекетте Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң қарамағындағы тұрақты базаға қатысты жылжымалы мүлiк түрiнде ұсынылған капиталға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
3. Халықаралық тасымалдарда пайдаланылатын теңiз, әуе кемелерi және теміржол көлiгi, және осындай теңiз, әуе кемелерiн және темір жол көлiгiн пайдалануға байланысты жылжымалы мүлiк түрiнде ұсынылған капиталға тек кәсiпорынды тиiмдi басқару орталығы орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
4. Уағдаласушы Мемлекет резидентi капиталының барлық басқа элементтерiне тек осы Мемлекетте салық салынады.
25-бап
Қосарланған салық салуды жою
1. Қазақстан жағдайында қосарлаған салық мынадай жолмен жойылады:
а) Егер Қазақстанның резидентi осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес Румынияда салық салынуы мүмкiн табыс тапса немесе капиталы болса, онда Қазақстан:
(i) осы резиденттiң табысына салынатын салықтан Румынияда төленген табыс салығына тең соманы шегерiп тастауға;
(ii) осы резиденттiң капиталына салынған салықтан Румынияда төленген капиталға салынған салыққа тең соманы шегерiп тастауға рұқсат етедi.
Алайда, осылай шегерулер кез келген жағдайда Румынияда салық салынуы мүмкiн табысқа немесе капиталға қатысты шегеру берiлгенге дейiн есептелген табыс салығының немесе капиталға салынатын салықтың бөлiгiнен аспауға тиiс;
b) Егер Конвенцияның ережесiне сәйкес Қазақстан резидентiне тиесiлi алынған табыс немесе капитал Румынияда салықтан босатылған болса, онда Қазақстан, алайда, осындай резиденттiң қалған табысына немесе капиталына салынатын салық сомасын есептеген кезде салықтан босатылған табысты немесе капиталды есепке алуы мүмкiн.
2. Румыния жағдайында қосарлаған салық мұндай жолмен жойылады:
Егер Румынияның резидентi 10 (Дивидендтер), 11 (Проценттер), 12 (Роялти) және 13 (Делдалдық жарналар) баптарында айтылған табысты немесе табыс түрлерiн, немесе пайданы, Қазақстанның заңдары бойынша және осы Конвенцияға сәйкес мүлiк құнының өсiмiн алса, немесе капиталы болса, Қазақстанда салық салынуы мүмкiн, онда Румыния табысқа, табыстың түрлерiне, пайдаға, мүлiк құнының өсiмiнен алынатын табысқа немесе капиталға салынатын салықтан Қазақстан төленген салықтың сомасына тең соманы есептен шығарып тастауға мүмкiндiк бередi.
Алайда, есептеменiң сомасы осындай табысқа, табыстың түрлерiне, пайдаға немесе мүлiк құнының өсiмiне немесе капиталға салынатын, Румынияның салық заңдарына және нормаларына сәйкес есептелген Румын салығының сомасынан аспауға тиiс.
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары нақ осындай жағдайларда осы екiншi Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салуға немесе соған байланысты мiндеттемелерге қарағанда өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалықты салық салуға немесе соған байланысты мiндеттемеге екiншi Уағдаласушы Мемлекетте ұшырамайды.
2. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекемеге салық салу осы екiншi Мемлекетте нақ осындай қызметпен айналысатын осы екiншi Мемлекеттiң кәсiпорынына салық салудан қолайсыздау болмауға тиiс. Осы Ереже екiншi Уағдаласушы Мемлекет резидентiне оның өз резиденттерiне азаматтық дәреже немесе отбасы мiндеттерi есебiнен беретiн салық салудағы қандай да бiр жеке жеңiлдiктер, босатулар немесе шегерiмдердi Уағдаласушы Мемлекеттiң бiреуiн мiндеттейтiндей болып қарастырылмауы тиiс.
3. 9-баптың (Ассоцияланған кәсiпорындар) 1-тармағының, 11-баптың (Проценттер) 7-тармағының, 12-баптың (Роялти) 6-тармағының, немесе 13-баптың (Делдалдық жарналар) 6-тармағының ережелерi қолданылатын жағдайларды қоспағанда, Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн проценттер, роялти және басқа да төлемдер осындай кәсiпорынның салық салынатын пайдасын айқындау мақсаты үшiн бiрiншi аталған Мемлекеттің резидентiне олар қалай төленсе, нақ сондай жағдайларда шегерiлiп тасталуы тиiс. Сонымен Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнының екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне кез келген қарызы осындай кәсiпорынның салық салынатын капиталын айқындау мақсаттары үшiн бiрiншi аталған Мемлекеттiң резидентiнің қарызы қалай шегерiлсе, нақ сондай жағдайларда шегерiлiп тасталуға тиiс.
4. Капитал екiншi Уағдаласушы Мемлекеттің бiр немесе бiрнеше резидентiне немесе iшiнара тиесiлi немесе олардың тiкелей не жанама түрде бақылауында болатын Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорындары бiрiншi аталған Мемлекеттiң осындай кәсiпорындары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салудан немесе онымен байланысты кез келген мiндеттемелерден өзгеше болмаса анағұрлым ауыртпалықты салық салуға немесе онымен байланысты кез келген мiндеттемелерге бiрiншi аталған Мемлекетте ұшырамауы тиiс.
27-бап
Өзара келісіп алу рәсiмi
1. Егер тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердің бiрiнiң немесе екеуiнiң де iс-әрекеттерi өзiн осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға душар етiп отыр немесе душар ететiн болады деп есептесе, ол осы Мемлекеттердiң iшкi заңдарында көздеген қорғану құралдарына қарамастан, өзiнiң iсiн өзi резидент болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң немесе оның бастан кешiрген жағдайы 26-баптың (Кемсiтпеушiлiк) 1-тармағына қатысты болса, өзi ұлттық тұлғасы болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң құзырлы органдарының қарауы үшiн бере алады. Арыз Конвенцияның ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға душар еткен iс-әрекеттер жайлы алғашқы хабар берілген сәттен бастап үш жыл iшiнде берiлуi тиiс.
2. Құзырлы орган, егер ол шағымды орынды деп есептесе және өзi қанағаттандырарлық шешiмге келе алмаса, Конвенцияға сәйкес келмейтiн салық салуды болдырмау мақсатында мәселенi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң құзырлы органымен өзара келiсе отырып шешуге ұмтылады. Кез келген қол жеткiзiлген уағдаластық Уағдаласушы Мемлекеттердiң iшкi заңдарында бар қандай да бiр уақытша шектеулерге қарамастан орындалуға тиiс.
3. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары осы Конвенцияны пайдалану немесе қолдану кезiнде туындайтын кез келген қиындықтарды немесе күмән-күдiктердi өзара келiсе отырып шешуге күш салады. Олар сондай-ақ Конвенцияда көзделмеген жағдайларда қосарланған салық салуды жою үшiн бiр-бiрiмен консультация өткiзе алады.
4. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары мұның алдындағы тармақтарды келісіп алуға қол жеткiзу мақсатында бiр-бiрiмен тiкелей байланыс жасай алады. Егер Келісімге қол жеткiзу үшiн ауызша пiкiр алысуды ұйымдастыру қажет болса, осындай пiкiр алысу Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдарының өкiлдерiнен тұратын комиссия мәжілісi шеңберiнде өткiзiлуi мүмкiн.
28-бап
Салықтарды жинауға көмектесу
1. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы бапта «салық талабы» деп аталған салықтарға жататын мерзiмi өткен төлемдердiң проценттерiмен, айыппұлдарымен және қылмысты сипаттағы айыппұлсыз өнiмдермен қоса, салықтарды жинауда бiрiне бiрi көмек көрсетуге мiндеттенедi.
2. Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органының салық талабы осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық талабы түпкiлiктi белгiленгенiн осындай органның растауын қажет етедi. Осы баптың мақсаты үшiн салық талабы, егер Уағдаласушы Мемлекет өз iшкi заңдарына сәйкес салық жинауда салық талабын орындауға құқықты болса және салық төлеушi мұндай салықты тежеуге бұдан әрi құқықсыз болса, салық талабы түпкiлiктi белгiленген болып табылады.
3. Көмек көрсету туралы тiлектiң мазмұны болып табылатын талап осындай көмек көрсететiн Уағдаласушы Мемлекетте есептелетiн салықтардан басым болмайды және 27-Баптың (Өзара келісіп алу рәсiмi) 1-тармағының ережелерi осы бапқа сәйкес, сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органы беретiн кез келген ақпаратқа қолданылады.
4. Екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң органы жинау үшiн қабылдаған Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органының салық талабын екiншi Мемлекет оның өзiнiң салықтарымен байланысты болғандай тұрғыда жинайды.
5. Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органы жинаған салықтардың сомасы осы бапқа сәйкес екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органына жiберiледi.
6. Осы бапқа сәйкес, егер салық талабы салық төлеушi бiрiншi немесе екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылмаған кезеңге жататын болса, Уағдаласушы Мемлекетке салық төлеушiге қатысты бөлiгiнде салық жинауда көмек көрсетiлмейдi.
7. Осы Конвенцияның 2-бабының (Конвенция қолданылатын салықтар) ережелерiне қарамастан осы баптың ережелерi Уағдаласушы Мемлекеттiң салық заңдарына сәйкес белгiленген салықтың кез келген түрлерiне қолданылады.